FAQ
GALAM TV-ді кез келген құрылғыда көруе болады:
— Smart TV (Samsung, LG) теледидарларында GALAM TV қосымшасы арқылы
— теледидарларда, Android TV ОЖ базасында
— Android және iOS, iPadOS смартфондар мен планшеттерде GALAM TV қосымшасы арқылы
— https://galamtv.kz/ сайтында.
Сайт арқылы тіркелу үшін сайттың жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Кіру» түймесін басу керек. Содан кейін ұялы телефон нөміріңізді көрсетіңіз және SMS арқылы құпия сөзді сұраңыз. SMS алғаннан кейін оны енгізіп, «Кіру» түймесін басыңыз.
Сондай-ақ, қолданбада өзіңіздің телефон нөміріңізді көрсетіп, тіркелуге де болады.
Сіздің ұялы телефон нөміріңіз абоненттерді авторлау үшін қажет. Тіркелу кезінде қалдырылған телефон нөміріңіз тек қолданбаға кіру үшін қажет екеніне кепілдік береміз. Ол үшінші тұлғаларға берілмейді.
Бір телефон нөміріне тіркелген акканутты бірден бірнеше құрылғыда пайдалануға болады. Керек құрылғыда Сізге өз деректеріңіздің астындағы авторлаудан өту қажет.
Smart TV, Apple TV немесе Android TV қолданбасында телефон нөмірі арқылы кіруге немесе тіркелуге болады.
Ол үшін:
— GALAM TV қолданбасын теледидарыңыздың қолданбалар дүкені арқылы жүктеп алыңыз: қолданбада жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Кіру» → «телефон нөмірі арқылы» пайдаланушы мәзірі түймесін түртіңіз. Қалқымалы экранда телефон нөмірін енгізіп, оны SMS кодымен растаңыз. Сіз аккаунтқа кіресіз немесе ол жоқ болса, ол автоматты түрде жасалады.
Бейнені жүктеу жылдамдығы интернеттің жылдамдығына тікелей байланысты. Егер бейне жиі үзілсе, интернет жылдамдығы жеткіліксіз. Интернетті қолдана алатын барлық бөгде қолданбаларды жауып, егер жүктеліп жатқан нәрселер бар болса, жүктеулерді тоқтатыңыз. Егер Сіздің интернет жылдамдығыңыз 2 Мбит/с болса, құрылғыдағы басқа қолданбалар да интернетті пайдаланып, жылдамдықты азайтады.