Құпиялылық саясаты

1. Жалпы ақпарат

Сіз «GALAM TV» интерактивті телевизия қызметін (бұдан әрі – «GALAM TV») Пайдаланушы келісімінде бар мағынада пайдаланған кезде біз сіздің жеке деректеріңізді өңдей аламыз. Саясат Пайдаланушы келісімінің ажырамас бөлігі болып табылады. Барлық терминдер Пайдаланушы келісімінде келтірілген мағыналарға ие.

2. Жеке деректерді сақтаудың мақсаттары, заңды негіздері және мерзімдері

«GALAM TV»-ді пайдалану процесінде Сіз ұсынған, сондай-ақ, Сізден жеке немесе үшінші тұлғалардан алған жеке деректерді біз осы Құпиялылық (жасырын) саясатында көрсетілген мақсаттарда пайдаланамыз.

Біздің арамызда бар немесе біз орнатқымыз келетін қарым-қатынастарға байланысты біз Сіздің жеке деректеріңізді көрсетілген көлемде және мына мақсаттарда көрсетілген уақыт аралығында және төменде көрсетілген заңды негіздерде пайдалана аламыз.

2.1. Қызметтер ұсыну (Сізбен жасалатын шарт негізінде):

a) Егер Сіз «GALAM TV»-де тіркеуден өтсеңіз, біз мына деректерді өңдей аламыз: Сіздің атыңыз, пайдаланушының сәйкестендіргіші (идентификатор) , әлеуметтік желілердегі сәйкестендіргіш (егер Сіз әлеуметтік желі арқылы тіркелген болсаңыз), байланыс деректері, фотосурет, тіл, жыныс, туған күн, мекенжай, қала және жеке басты куәландыратын құжат туралы ақпарат, контентті локализациялау туралы деректер, техникалық деректер, сіздің құрылғыңыз туралы ақпарат, скриншоттар, салымдар және біздің серіктестерден алынған, бізге Пайдаланушыларды сәйкестендіру мен тіркеуге және нақты құрылғыда авторлауға арналған құпия сөз бен деректерді сақтауға мүмкіндік беретін басқа да деректер, сондай-ақ, Сіз ұсынған, Сізге «GALAM TV»-ді пайдалануға және қолдау қызметіне жүгінуге кез келген мүмкіндік беретін басқа да мәліметтер бізге төлем сұраныстарын өңдеуге және Сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге мүмкіндік береді, Сіздің «GALAM TV»-мен арадағы өзара іс-әрекетіңіздің сапасын жақсартады әрі қызығушылығыңызды арттырады.

Біз бұл деректерді Сіз «GALAM TV» пайдаланған кезде өңдейтін боламыз және тек қолданыстағы заңнамада біздің мүдделерімізді қорғау үшін деректер сақтау ұзағырақ мерзімді қарастыратын жағдайларды қоспағанда, Сіздің деректеріңізді және акканутыңыздың жойылуына немесе Сіздің жеке деректеріңізді жою туралы сұрау салуға байланысты бұл деректерді Пайдаланушы келісімі (Сіз қабылдаған Пайдалану шарттары) бұзылғаннан кейін. 3 жыл ішінде өңдей аламыз.

b) Егер Сіз «GALAM TV»-ге тіркелмеген болсаңыз, біз Сіздің пайдаланушы сәйкестендіргішіңізді, техникалық деректеріңізді және нақты бір құрылғыға авторлауға арналған деректерді пайдалана аламыз, осылайша сіз «GALAM TV»-ді пайдаланып, қолдау қызметіне хабарласа аласыз және біз Сіздің сұрақтарыңызға жауап беріп, Сізге жазылым ресімдеуді ұсына аламыз.

Біз бұл деректерді сіз «GALAM TV» пайдаланған кезіңізде өңдейміз және бұл деректерді Сіз соңғы рет белсенді болған сәттен бастап 1 жыл бойы өңдей аламыз.

2.2. Маркетинг және қоғаммен байланыс (сіздің келісіміңізбен):

a) Біз cookies файлдары мен веб-маяктар арқылы мына деректерді өңдей аламыз: Сіздің пайдаланушы сәйкестендіргішіңіз, байланыс деректері, техникалық деректер, Сіздің құрылғыңыз, IP мекенжайыңыз, орналасқан жеріңіз, пайдаланылған операциялық жүйе, браузердің типі мен нұсқасы, кіру ұзақтығы, бет көріністері туралы ақпараттар және сайт жолдары, лог-файлдар, осы Құпиялылық (жасырын) саясатына сәйкес автоматты түрде жиналатын Сіздің мінез-құлқыңыз туралы деректер, Сіз және Сіздің құрылғыңыз туралы мәліметтер, сайттағы нысандар арқылы Сіз ұсынған ақпарат, сатып алынған қызметтер туралы ақпарат (типі, құны, сатып алынған күні және төлем ақпараты), Сіздің дауысыңыздың жазбалары, фотосуреттер мен бейнелер, Сіздің лауазымыңыз туралы мәліметтер, маркетингтік зерттеулер, сайт аудиториясын талдау, маркетингтік стратегияларымыздың және оларды өзгеріп тұратын жағдайларға бейімдеу, жаңа маркетингтік іс-шараларды жоспарлау, аналитика мен профильдеуді дайындау, сервистер мен коммуникацияларды дербестеу, жарнаманы таргеттеу, өнімдер мен қызметтерді атаулы маркетингтеу, сондай-ақ, компанияның ішінде алға жылжыту және маркетингтеу тиімділігін бағалауды жүргізуге қажетті құпия сөз бен басқа да деректер.

Біз бұл деректерді сіз «GALAM TV» пайдаланған кезде өңдейміз және келісіміңізді қайтарып алғанша бұл деректерді өңдей береміз.

b) Егер сіз біздің жарнамалық материалдарымызды алып жүрсеңіз немесе алғыңыз келсе, біз Сізге жаңа Контент туралы хабарлау, қызмет көрсету тәртібіндегі өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлау, сайт пен маркетингтік коммуникацияларды дербестендіру және Сізді қызықтыруы мүмкін жарнамалық хабарламаларды жіберу үшін жеке деректеріңізді өңдей аламыз.

Сіз келісіміңізді қайтарып алғанға дейін біз бұл деректерді өңдей береміз.

2.3. Сізбен байланыс және хабарламалар жіберу (Қазтелерадионың заңды мүдделері шегінде):

a) Егер Сіз бізбен «GALAM TV» арқылы байланысатын болсаңыз, біз Сіздің сұрақтарыңызға жауап беру, смс-хабарламалар, push-хабарламалар немесе электрондық хаттар арқылы «GALAM TV» туралы ақпаратпен бөлісу, туындаған проблемаларды шешу немесе сізбен басқаша қарым-қатынас жасау (сөйлескен сөздерімізді «GALAM TV» өкілдері жазып алып, компанияның ішкі желісінде сақтауы мүмкін екенін ескеріңіз), оның ішінде Сізге жарнамалық (маркетингтік) сипаттағы ақпарат жіберу (егер бұл функция Пайдаланушының есептік жазбасына қосылған немесе Сервиске тіркелу кезінде қосылған болса), Сіздің сұрауларыңызды орындау және Сіз қалаған кезде Сіздің жазылымыңызды алып тастау үшін пайдаланушы сәйкестендіргішін, байланыс деректерін, техникалық деректерді, Сіздің мінез-құлқыңыз туралы деректерді, фотосуреттерді, дауысыңыздың жазбаларын, орналасқан жеріңіз туралы ақпаратты және Сіз берген басқа деректерді өңдей аламыз.

Қолданыстағы заңнамада біздің мүдделерімізді қорғау үшін деректерді сақтаудың ұзағырақ мерзімі қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Сіздің деректеріңіз бен акканутыңыздың жойылуына немесе жеке мәліметтеріңізді жою туралы сұрау салуыңызға байланысты шарт бұзылған сәттен бастап 3 жыл бойы біз бұл деректерді өңдей береміз.

2.4. Қауіпсіздік қамтамасыз ету (ҚАЗТЕЛЕРАДИО заңды мүдделері шегінде):

b) Біз мына деректерді пайдалана аламыз: берілген Саясатқа сәйкес автоматты түрде жиналған (мысалы, cookies файлдары мен веб-маяктар арқылы) Сіздің пайдаланушы сәйкестендіргішіңіз, Сіз жүктеген жеке деректер, Сіз және Сіздің құрылғыңыз туралы ақпарат, және сайт пен қолданбалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алаяқтық әрекеттердің алдын алу, ҚАЗТЕЛЕРАДИО мен үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ, зияткерлік меншікке берілетін біздің құқықтарымызды қорғауға қажетті басқа да ақпараттар. Біз бұл деректерді терге-тексеру немесе сот ісін жүргізу үшін қажет болған жағдайда аша аламыз.

Қолданыстағы заңнамада біздің мүдделерімізді қорғау үшін деректерді сақтаудың ұзағырақ мерзімі қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Сіздің деректеріңіз бен Есептік жазбаңыздың жойылуына немесе жеке мәліметтеріңізді жою туралы сұрау салуыңызға байланысты шарт бұзылған сәттен бастап 6 ай бойы біз бұл деректерді өңдей береміз.

2.5. Талдау (бақылаушы ұйымның мүддесі үшін):

a) Біз мына деректерді автоматты түрде өңдеп, талдай аламыз: «GALAM TV» жұмысын жақсарту және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Сіздің атыңыз, пайдаланушы сәйкестендіргіші, логин, аватар, Сіздің жынысыңыз бен туған күніңіз туралы ақпарат, байланыс деректері, банк картасы туралы ақпарат, төлем деректері, техникалық деректер, құрылғыңыз туралы мәліметтер, Сіздің сапарларыңыз, қалауларыңыз, мінез-құлқыңыз, контентті оқшаулау, тіркелген күніңіз туралы, Сіздің біздің сайтқа келген арна туралы ақпарат, сондай-ақ, Сіздің профиліңіздің деректері.

Біз бұл деректерді Сіздің деректеріңіздің және аккаунтыңыздың жойылуына немесе жеке деректеріңізді жою туралы сұрау салуға байланысты шартты бұзған сәттен бастап 3 жыл бойы өңдей аламыз.

2.6. Ішкі менеджмент (ҚАЗТЕЛЕРАДИО мүддесі үшін):

a) Біз мына деректерді өңдей аламыз: Сіздің атыңыз, пайдаланушы сәйкестендіргіші, логин, құпия сөз, Сіздің лауазымыңыз, жынысыңыз, тіліңіз және туған күніңіз туралы ақпарат, фотосуреттер, дауысыңыздың жазбаларын, құрылғының өңірлік күйге келтірілулері туралы мәліметтер, «GALAM TV»-дегі мінез-құлқыңыз туралы мәліметтер, құрылғы туралы мәліметтер, техникалық мәліметтер, қолжетімділік құқықтары туралы мәліметтер және Сервис аудиториясын талдауға, өнімге зерттеулер жүргізуге, өнім стратегиясын жоспарлауға А/В-тесттер жүргізуге, жарнама арналарының тиімділігі мен олардың өзгермелі жағдайларға бейімделуін, компания ішіндегі өзара іс-қимылды талдауға, қызмет көрсету сапасын күшейту мақсатында персоналды оқытуға, ішкі жүйелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мен қолжетімділік құқықтарын басқаруға арналған басқа да кез келген ақпарат.

Біз бұл деректерді Сіздің соңғы әрекетіңізден бастап 1 жыл бойы өңдей аламыз.

2.7. Шағымдар, талап-арыздар және ресми сұрау салулар (ҚАЗТЕЛЕРАДИО-ның заңды мүдделері шегінде):

a) Егер Сіз сот процесіне қатысушы болсаңыз немесе Сіздің деректеріңіз ресми сұрау салуға жауап беру үшін қажет болып тұрса, біз Сіздің атыңызды, байланыс ақпаратыңызды, мекенжайыңызды, төлқұжат мәліметтерін, төлем мәліметтерін, логин мен Сіздің құрылғыңыз туралы ақпаратты шағымдарда, талаптарда немесе ресми сұрау салуларда көрсетілген мәселелерді шешу үшін пайдалана аламыз.

Біз бұл деректерді сот процесі аяқталғанға дейін өңдей аламыз.

3. Басқа дереккөздерден алынатын мәліметтер

Біз жеке деректерді сыртқы көздерден алып, өңдей аламыз, оларға, басқалармен қатар, мыналар жатады:

a) қызметтердің жеткізушілері, олар бізге «GALAM TV» күйге келтіру үшін IP-мекенжай арқылы Сіздің еліңізді анықтауға көмектеседі;

b) пайдаланушыларға өздеріне тиесілі құралдар немесе виджеттер (мысалы, VK Connect) арқылы «GALAM TV»-ге тіркелуге немесе оған қол жеткізуге мүмкіндік беретін авторлау қызметтерінің провайдерлері (мысалы, Facebook, Вконтакте, Google). Бұл провайдерлер бізге Сіздің жеке деректеріңізді (мысалы, аты мен электрондық пошта мекенжайы) бере алады. Егер Сіз олардың қызметтерін тіркелу үшін пайдаланғыңыз келсе, олардың құпиялылық саясатын және басқа құжаттарды мұқият қарап шығуды ұсынамыз (мысалы, https://connect.vk.com/privacy. VK Connect үшін);

c) өздеріне тиесілі сайттарда, платформаларда және құрылғыларда «GALAM TV»-ге қол жеткізуді қамтамасыз ететін немесе біз бірлесіп қызмет көрсететін және маркетингтік іс-шаралар өткізетін таңдаулы серіктестер. Олар бізге мына жеке деректерді бере алады: пайдаланушы сәйкестендіргішінің хэштері, теледидар түрлері, қаралған контент атаулары, жазылым түрлері мен атаулары, ұялы телефон нөмірлері және Сіздің интернет желісіндегі белсенділігіңіз, лайктарыңыз және қалауларыңыз туралы деректер;

d) біз демографиялық деректер, қызығушылықтарыңыз туралы мәліметтер мен жарнамалық ақпарат алатын дерек жеткізушілер (мысалы, Google Analytics).

4. Жеке деректердің ерекше санаттары

Біз сіздің денсаулығыңыз, нәсілдік тегіңіз, діни сенімдеріңіз, саяси көзқарастарыңыз, философиялық көзқарастарыңыз, жыныстық қалауларыңыз бен бағдарыңыз туралы ақпаратты қоса алғанда, ерекше санаттағы кез келген жеке деректерді сұрамаймыз немесе өңдемейміз.

5. Деректерді ашу

Біз сіздердің жеке деректеріңізді мына тұлғаларға төмендегідей мақсаттарда аша аламыз:

a) ҚАЗТЕЛЕРАДИО: біз сіздің жеке деректеріңізбен осы Құпиялылық (жасырын) саясатының 2 тарауында көрсетілген мақсаттарда ҚАЗТЕЛЕРАДИО-ның ішінде алмаса аламыз.

b) Қызмет жеткізушілерге: біз бізге көмектесу немесе біздің атымыздан қызмет көрсету үшін басқа компанияларды, агенттерді немесе мердігерлерді (бұдан әрі — «қызмет жеткізушілер») тарта аламыз. Мысалы, жеткізушілер бізге маркетингтік, жарнамалық, инфрақұрылымдық және ақпараттық қызметтер көрсетеді, «GALAM TV»-ді дербестендіруге және оңтайландыруға көмектеседі, бізге қолдау көрсетеді, деректерді талдайды және оңтайландырады (соның ішінде «GALAM TV»-мен пайдаланушылардың өзара әрекеттесуі туралы ақпарат), тұтынушыларға сауалнама жүргізеді және нәтижелерді өңдейді. Қызмет көрсету барысында жеткізушілер сіздің жеке деректеріңізге және басқа ақпаратқа қол жеткізе алады. Біз олар ұсынатын қызметтерге байланысты жерлерді айтпағанда, оларға Сіздің деректеріңізді пайдалануға немесе ашуға рұқсат бермейміз.

c) Промо-науқандар аясында: кейде біз серіктестермен бірге промо-акциялар мен маркетингтік науқандар ұйымдастырамыз. Егер Сіз оларға қатыссаңыз, біз сіз туралы мәліметтерді үшінші тұлғаларға бере аламыз. Егер Сіз науқан шарттарын орындасаңыз, біз Сіздің атыңызды және Сіз туралы басқа ақпаратты сыйақы алу үшін аша аламыз. Берілген деректердің сақталуына оларды бізден алған тарап жауапты екенін ескеріңіз.

d) ҚАЗТЕЛЕРАДИО-ның және үшінші тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін: ҚАЗТЕЛЕРАДИО және қызметті жеткізушілер, егер (а) кез келген қолданылатын заңды, уәкілетті органның қаулысын, шешімін, сот талабын немесе уәкілетті мемлекеттік органдардан ресми сұрау салуды орындау, (b) сервисті пайдалану шарттарын сақтау және ықтимал бұзушылықтарды тергеу, (c) заңсыз әрекеттерді (соның ішінде төлем алаяқтықтарын), қауіпсіздік мәселелерін және техникалық мәселелерді анықтау және алдын алу, (d) компанияның, пайдаланушылардың немесе жалпы Қоғамның құқықтарын, мүлкін және қауіпсіздігін заң талап ететін және шешетін дәрежеде қорғау үшін негізді түрде қажет деп есептесе, Сіздің жеке деректеріңізді аша алады немесе өзге де тәсілмен пайдалана алады.

e) Меншік иесі өзгерген жағдайда: меншік иесі өзгерген жағдайда немесе біздің компанияны, брендті немесе активтерді бақылауды басқа тұлғаларға берген жағдайда (соның ішінде біздің компанияның қатысуымен бірігу немесе жұтылу мәмілелері кезінде), біз осы Саясатқа сәйкес олардың құпиялылығын сақтауға келіскен жағдайда оларға да сіздің жеке деректеріңізді береміз.

6. Деректерді трансшекаралық жіберу

Біз Сіздің жеке деректеріңізді қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етпейтін шетелдік қызмет көрсетушілерге және аффилиирленген компанияларға беру қажеттілігі туындаған кезде, біз олармен жеке деректерді қорғау туралы стандартты шарт жасасамыз және компаниялардың оны сақтауы үшін барлық қажетті әрі жеткілікті шараларды қабылдауына бақылау жасаймыз.

7. Өзің туралы деректерді ашу

Сіз өзіңіз де өзіңіз туралы ақпаратты мына жолдармен аша аласыз:

a) «GALAM TV»-де электрондық пошта, мәтіндік хабарлар, әлеуметтік медиа және Сіздің құрылғыңызда орнатылған басқа да ақпарат алмасу қолданбалары арқылы деректеріңізді бөлісуге мүмкіндік беретін құралдар болуы мүмкін;

b) Сіз ақпаратты әлеуметтік плагиндер және басқа да сол сияқты құралдар арқылы бөлісе аласыз.

Әлеуметтік плагиндер мен қосымшаларды әлеуметтік желілердің өздері басқарады және оларды пайдалану шарттары мен құпиялылық саясатымен реттеледі.

8. Деректерге қатысты Сіздің құқықтарыңыз және таңдауыңыз

8.1. Сіздің жеке деректерге қатысты құқықтарыңыз

Бізде сақталған жеке деректеріңізге қатысты Сіздің мынадай құқықтарыңыз бар:

a) деректерге қол жеткізу құқығы, оларды түзету мен жаңарту және оларды жою туралы бізге сұрау жіберу құқығы;

b) Сіздің жеке деректеріңізді пайдалануға келісімді кез келген уақытта қайтарып алу құқығы;

c) Сервиспен өзара әрекеттесу негізінде қалыптасқан дербестендірілген ұсыныстардан бас тарту құқығы және мекенжай маркетингі үшін деректеріңізді пайдалануға қарсылық білдіру құқығы;

d) Сіздің жеке деректеріңізді жинауға және өңдеуге қарсылық білдіру құқығы, сондай-ақ, Сіздің деректеріңіздің өңделуін немесе тасымалдануын шектеуді сұрау құқығы;

e) Сіздің жеке деректеріңізді жинауға және өңдеуге шағым беру құқығы.

Сіз жоғарыда аталған құқықтарды Есептік жазба арқылы немесе бізге хабарласу арқылы пайдалана аласыз abonent@otautv.kz.

Біз Сізге қандай да бір ақпарат бермес бұрын Сіздің жеке басыңызды растау үшін ақылға қонымды дәлелдер сұрау құқығын өзімізге қалдырамыз. Кейде біз Сізге барлық сұрау салынған ақпарттың бәрін бірдей, мысалы, егер мұндай ақпарат басқа адам туралы жеке ақпаратты қамтыса, ондай ақпаратты бере алмайтынымызға назар аударуды сұраймыз. Егер біз Сізге сұралған ақпаратты бере алмасақ, оның себептерін түсіндіруге тырысамыз. Біз қол жеткізу құқығына қатысты кез келген сұрауға мүмкіндігінше бірден жауап беруге тырысамыз, ал негізінде жауап қандай жағдайда да Сіздің сұрауыңыз бен жеке басыңызды растаған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде беріледі. Назар аударыңыз! Өз құқықтарыңызды мұқият пайдаланыңыз және оларды теріс пайдаланудың жауапкершілігі бар екенін есте сақтаңыз.

8.2. Сіздің таңдауыңыз

Пуш-хабарламалар. Сіз браузерде және мобильді құрылғыда ҚАЗТЕЛЕРАДИО-дан пуш-хабарламалар алуға келісім бере аласыз. Егер Сіз пуш-хабарлама алғыңыз келмесе, оларды мобильді құрылғының және/немесе браузердің параметрлерінен өшіріп тастаңыз.

Қызығушылыққа негізделген жарнама. Қызығушылыққа негізделген жарнама – бұл әртүрлі сайттар мен қосымшалардағы белсенділігіңізді талдау кезінде сіздің қызығушылықтарыңыз туралы болжамдар негізінде таңдалған интернет-жарнама. Браузерде деректерді жинау cookies файлдары мен веб-маяктар арқылы жүзеге асырылады. Егер Сіз жарнамалық сәйкестендіргіші бар мобильді құрылғыны, планшетті немесе медиаплеерді қолдансаңыз, бұл сәйкестендіргіш сіздің ықтимал қызығушылықтарыңызды анықтау үшін пайдаланылуы мүмкін. КАЗТЕЛЕРАДИО-дан жарнаманы басқару бойынша Сізге қолжетімді опциялар төменде 12 «Сookies файлдары және осыған ұқсас технологиялар» бөлімінде келтірілген.

9. Жеке деректерді қорғау

Біз сіздің жеке деректеріңізді заңсыз немесе кездейсоқ қолжетімділіктен, жойылудан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ, олармен үшінші тұлғалардың өзге де заңсыз әрекеттерінен, жоғалтудан, ұрлаудан, рұқсатсыз қолжетімділіктен, пайдаланудан және өзгерістер енгізуден қорғау үшін ақылға қонымды техникалық, әкімшілік, физикалық және ұйымдастыру шараларын қолданамыз. Бұл шаралар бізге деректерді өңдеуге байланысты тәуекел дәрежесіне сәйкес келетін қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Техникалық шараларға деректерді сақтау саясатын ұстану және оларды шифрлау кіреді. Біз сіздің жеке деректеріңізге қолжетімділікті тек олармен жұмыс істейтін қызметкерлерге ғана береміз.

10. Басқа сайттар, платформалар мен ұсыныстар

Біз өз қызметтерімізді бөгде платформалар арқылы ұсына аламыз және/немесе олардың функционалдығын қолдана аламыз (мысалы, дауыстық басқару), сондай-ақ, ақпаратты өңдеу саясаты біздікінен өзгеше болуы мүмкін бөгде сайттарға сілтемелер орналастыра аламыз. Мысалы, «GALAM TV»-ге Smart TV, мобильді құрылғылар, тележалғамалар (приставка) және басқа да Интернетке қолжетімді құрылғылар арқылы қосылуға болады. Бұл сайттар мен платформаларда деректердің құпиялылығына, ақпаратты өңдеуге және пайдалануға қатысты өз ережелері бар және біз оларды мұқият қарап шығуды ұсынамыз. Сонымен қатар, Сіз ҚАЗТЕЛЕРАДИО сервисімен өзара әрекеттесетін бөгде қосымшаларға да тап болуыңыз мүмкін.

11. Балалар

ҚАЗТЕЛЕРАДИО балаларға «GALAM TV» ұсынбайды. Пайдаланушы келісімін қабылдау үшін Сіз кем дегенде 18 жаста болуыңыз керек.

Балалар «GALAM TV»-ді тек ата-анасының немесе заңды қамқоршысының қатысуымен, қадағалауымен және мақұлдауымен пайдалана алады.

12. Cookies файлдары және соған ұқсас технологиялар

12.1. Жалпы ақпарат

Cookies файлдары — бұл сіз сайттарды қарап, онлайн-сервистерді пайдаланған кезіңізде сіздің құрылғыңызда сақталатын деректердің шағын бөліктері. Cookies файлдарын, жарнама сәйкестендіргіштері мен веб-маяктарды қалай пайдаланатынымыз туралы қосымша ақпарат алу үшін біздің cookies файлдарға қатысты Саясатымызбен танысыңыз.

12.2. «Қадағаламаңыз»

«Қадағаламаңыз» («Do Not Track») — бұл браузердегі құпиялылық тұнбасы, ол сайттар мен қызметтерге пайдаланушының өзі қараған беттер туралы ақпарат жинағысы келмейтіні туралы хабарлайды. Браузер өлшемдерінде әдепкі қалпы бойынша қадағалауға тыйым салуды іске қосуға болады. Бұл функция туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз: http://www.allaboutdnt.com.

13. Өзгертулер мен жаңартулар

Кейде біз осы Құпиялылық (жасырын) саясатын өз қалауымыз бойынша немесе заңды, нормативтік және операциялық талаптардың өзгерістеріне сәйкес жаңартып отырамыз.

14. Бізбен байланысқа шығу

Сізде өз деректеріңіздің қауіпсіздігіне немесе осы Саясаттың ережелеріне қатысты сұрақтар, күдік немесе ескертулер туындаса, бізбен abonent@otautv.kz мекенжайы арқылы байланысқа шыға аласыз. Біз 30 күн ішінде жауап береміз. Біздің орналасқан жеріміз бен байланыс мәліметтеріміз туралы егжей-тегжейлі ақпарат мына жерде - https://galamtv.kz.

Біздің Құпиялылық (жасырын) саясатымызбен танысқаныңыз үшін рахмет!

Сіз «GALAM TV»-ді пайдаланғанда, көңіл-күйіңіз көтеріліп, ең жақсы сезімдерге бөленеді деген сенімдеміз!